Алматыда республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі басталды

1782
Фотосурет: Gov

Алматы қаласында жаратылыстану-математикалық бағыттағы география және химия пәндері бойынша жалпы білім беретін пәндерден 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі ресми түрде басталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қатысушылар мен пәндер

Олимпиадаға барлығы 309 оқушы қатысуда:

  • 157 оқушы – география пәні бойынша
  • 152 оқушы – химия пәні бойынша

Сайыс сәуір айының 1-і күні қорытындыланатын болады.

Олимпиада тапсырмалары

Қатысушылар байқау барысында:

  • географиялық талдау жүргізу,
  • табиғи және әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіндіру,
  • күрделі химиялық есептер мен тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы өз білімдерін сынайды.

Мақсат – дарынды оқушыларды қолдау

Зияткерлік сайыстың негізгі мақсаты – дарынды оқушыларды анықтау, олардың ғылыми әлеуетін дамыту және халықаралық олимпиадаларға дайындалатын ұлттық құраманы қалыптастыру.

Пәндік олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар ұлттық олимпиадалық резерв құрамына қабылданып, еліміздің намысын халықаралық білім додаларында қорғауға мүмкіндік алады.

Ел көлемінде олимпиада

Естеріңізге сала кетейік, биыл республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде ұйымдастырылуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -