2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 56-бабының 6-тармағына сәйкес «Үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтер» 493.00 нысанын ұсыну талап етіледі. Бұл туралы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.
493.00 нысаны әкімшілік деректерді жинау үшін арналған және индексі – 493-0 «Қызметтер». Есепті электрондық форматта өз орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына тоқсаннан кейінгі айдың 10-нан кешіктірмей ұсынылады.
Қандай ұйымдар мәлімет береді
493.00 нысаны келесі қызмет саласындағы ұйымдар үшін міндетті:
- сумен жабдықтау және су бұру
- газбен, электр энергиясымен және жылумен қамтамасыз ету
- қалдықтарды жинау (қоқыс шығару)
- лифтілерге қызмет көрсету
- тасымалдау қызметтері
Бұл нысан үшінші тұлғаларға көрсетілген қызметтер туралы мәліметтерді қамтиды.
Мерзім мен жауапкершілік
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті есептілікті белгіленген мерзімде уақтылы ұсыну қажеттігін ескертеді.
493.00 нысанын ұсынудың алғашқы мерзімі — 10 сәуір.