«Қыз өссе, елдің көркі»: көктемді бейнелейтін туынды

1606
Фотосурет: Gov

Елорданың Сарайшық ауданында Қуанышбаев көшесі, 11/4 мекенжайындағы ғимараттың қасбетіне «Қыз өссе, елдің көркі» атты жаңа мурал салынды. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Муралдың мәні мен көркемдік идеясы

Қабырғадағы туынды қалалық кеңістіктің маусымдық жаңаруы мен өңірдің мәдени болмысын бейнелеуге негізделген.

  • Муралдағы қыз баланың бейнесі гүлдермен көмкерілген. Ол көктемнің келуін, табиғаттың қайта түлеп, жаңаруын білдіреді.
  • Кейіпкердің назары көше кеңістігі мен LRT желісіне бағытталған, бұл қаланың инфрақұрылымдық дамуын сырттай бақылау мен алдағы оң өзгерістерді күту символын көрсетеді.

Композиция арқылы мәдени мазмұн мен заманауи урбанизация үдерістері арасындағы байланыс көрініс тапқан. Мұндай көркем жобалар ауданның эстетикалық келбетін арттыруға бағытталған.

Мурал авторы

Идея авторы әрі суретшісі – Темірлан Әбенов.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -