Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде Қазақ технология және бизнес университетінің әскери кафедрасының студенттері үшін «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Академиясына оқуға түсуге ынталандыру, әскери мамандықтың маңызын түсіндіру және әскери қызметтің беделін арттыру.

Шара барысында студенттер әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысып, жауынгерлердің күнделікті қызметін, саптық дайындықтарын, әскери техникалар мен қару-жарағымен танысты. Сонымен қатар, офицерлер болашақ курсанттарға Академияға түсу талаптары, оқу процесі, әскери білімнің артықшылықтары және офицерлік қызметтің жауапкершілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Әскери қызметшілер жастарға Отан қорғау – абыройлы міндет екенін атап өтіп, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Ұлттық ұланның рөліне ерекше тоқталды. Студенттер өз кезегінде әскери өмірге қызығушылық танытып, көкейлеріндегі сауалдарына нақты жауап алды.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың патриоттық рухын көтеріп қана қоймай, болашақта әскери саланы таңдауға деген сенімін нығайтады. 5573 әскери бөлімі алдағы уақытта да жастармен осындай ақпараттық-насихат жұмыстарын жалғастыра бермек.

Лейтенант Әйгерім Балтабаева
5573 әскери бөлімінің тілшісі