Астанада Нұра ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында зейнеткерлер арасында тоғызқұмалақтан турнир өтті. Іс-шара елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жарысқа Есіл, Нұра және Байқоңыр аудандарының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарына қатысушылар жиналып, ұлттық зияткерлік ойында өзара бақ сынады.

Ұлттық ойын арқылы белсенді өмір салтын насихаттау
Турнирдің негізгі мақсаты – ардагерлер арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және зейнеткерлердің қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасау.

Ұйымдастырушылар мұндай бастамалардың маңызын атап өтіп, оның тек спорттық жарыс қана емес, әлеуметтік әрі тәрбиелік мәні бар шара екенін жеткізді.
Ұйымдастырушылар пікірі
Нұра аудандық Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының жетекші маманы Бақыт Қайырбекқызының айтуынша, мұндай турнирлер ардагерлердің белсенділігін арттыруға ықпал етеді.

«Бүгін біз «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 9 мамыр мерекесіне орай зейнеткерлеріміздің арасында тоғызқұмалақтан турнир ұйымдастырып жатырмыз. Бұл жарыстың негізгі мақсаты – ардагерлерімізді қолдау, олардың белсенді өмір салтын насихаттау және ұлттық спортымызды дамыту», – деді ол.
Жарыс нәтижесі және марапаттау
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қатысушылар мұндай шаралардың жиі ұйымдастырылғанын қолдайтынын айтып, өз ризашылықтарын білдірді.