Саясат Нұрбек Аризона геномика институтының директоры Род Винг және Ербол Исақаевпен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу тақырыбы:
- агрогеномиканы дамыту;
- ауыл шаруашылығына геномдық технологияларды енгізу;
- халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейту.
Күріш пен бидайдың жаңа сұрыптары
Талқылауда ерекше назар:
- климаттық өзгерістерге төзімді;
- су ресурстарына тәуелділігі төмен;
- өнімділігі жоғары;
- тағамдық құндылығы мол күріш пен бидайдың жаңа сұрыптарын шығару мәселесіне аударылды.
Геномдық зерттеулерді дамыту стратегиясы
Род Винг Қазақстандағы зерттеулерді дамытудың қысқа және ұзақ мерзімді шараларын таныстырды:
- Қазақстандағы күріш өсірілетін өңірлерде су тұтынуды азайтатын кезектесіп суару және құрғату әдісі (Alternate Wet Drying, AWD) ұсынылды;
- Күріш пен бидай коллекцияларының генетикалық әртүрлілігін қайта секвенирлеу арқылы бағалау;
- Климатқа төзімді ең перспективалы сұрыптарды анықтау мақсатында далалық фенотиптеу жұмыстарын жүргізу.
Кадрларды даярлау және ғылымды нығайту
Жобада:
- генетика, өсімдік селекциясы, геномика, агрономия, ирригацияны басқару және фитопатология салаларында ұлттық кадр даярлау жүйесін қалыптастыру қарастырылды;
- Аризона институтымен және Аризона университетімен ынтымақтастық жоғары білікті мамандарды даярлауға, селекция және қолданбалы жобаларды іске қосуға бағытталған.
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі
Род Винг айтуынша, жобалар Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі қатысушылардың бірі ретінде позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.


Бұл бастамалар Қазақстанның ғылыми әлеуетін күшейтетін және елдің аграрлық дамуына арналған заманауи геномдық платформаны қалыптастыруға бағытталған кешенді стратегияның бөлігі болып табылады.

