Астанада жазғы лагерьлердің алғашқы маусымы аяқталды

737
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Gov

Астанада оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыруға бағытталған мектеп жанындағы және бейіндік лагерьлердің бірінші маусымы өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алғашқы маусым аясында 72 567 оқушы түрлі танымдық, шығармашылық және спорттық бағдарламаларға қатысып, жазғы демалысын пайдалы өткізді.

Оқушылар «Оқитын ұлт: OZYQ ULT», «Болашақ LAB», «GREEN CITY: Балалар таңдауы», «Әділет CAMP», «Smart Bala» және «САЯХАТ & СПОРТ» жобалары аясындағы іс-шараларға белсенді қатысты.

Түрлі бағыттағы лагерьлер жұмыс істеді

Жазғы маусым барысында балалар үшін әртүрлі бағыттағы лагерьлер ұйымдастырылды.

Олардың қатарында:

  • Green City (эко)
  • Достық мекені
  • Айбынды маусым
  • Eco-life English
  • Maximum білім
  • Этно лагерь
  • IQ Summer
  • Smart mi
  • ЭтnoFEST
  • ART & TOLAGAI
  • Lingua Camp
  • IT эко-лагерь
  • Bio MIX
  • Digital IT
  • Smart Bala
  • Келешек мектеп IT
  • English Club
  • Marvel Camp

Аталған жобалар балалардың білімін жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және спортпен шұғылдануына мүмкіндік берді.

Ұлттық құндылықтарға басымдық берілді

Қаланың 32 мектебінде ұйымдастырылған «Атамекен» этно-лагеріне 7500 оқушы қатысты.

Бағдарлама аясында балалар қазақ халқының мәдениетімен, дәстүрлерімен және ұлттық құндылықтарымен танысты.

Сонымен қатар елорданың 13 қосымша білім беру ұйымында қолөнер, шет тілдері және жүзу бағыттары бойынша қысқа мерзімді клубтар мен тақырыптық лагерьлер жұмыс істеді. Оларға 4 мыңнан астам оқушы қамтылды.

Жазғы демалыспен 242 мыңнан астам оқушы қамтылады

Астана қаласында жазғы кезеңде 1-10 сыныптар аралығындағы 242 мыңнан астам оқушыны түрлі сауықтыру, демалыс және дамыту бағдарламаларымен қамту жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта жазғы лагерьлердің екінші және үшінші маусымдарына дайындық жүргізілуде.

Бұл не үшін маңызды?

Жазғы лагерьлер балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олардың шығармашылық, спорттық және танымдық қабілеттерін дамытуға, жаңа достар табуына және ұлттық құндылықтарды тереңірек тануына жағдай жасайды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -