Мемлекет басшысы 16 мамырда кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыруға бағытталған Жарлыққа қол қойғаннан кейін елімізде кітапхана саласын жаңғырту жұмыстары жаңа қарқын алды, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі кітап оқуды кеңінен насихаттау, білім мен ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және кітапхана жүйесін цифрландыру бағытында кешенді шараларды жүзеге асыруда.
ҚазҰЭК қорына сұраныс артып келеді
Бүгінде ұлттық жазба мұраны сақтап, көпшілікке ұсынатын басты цифрлық алаңдардың бірі – Қазақстанның Ұлттық электронды кітапханасы (ҚазҰЭК).
Порталда:
- кітаптар;
- сирек құжаттар мен қолжазбалар;
- мерзімді басылымдар;
- диссертациялар;
- архив материалдары;
- аудио және бейнежазбалар;
- карталар;
- басқа да цифрлық ресурстар жинақталған.
2026 жылдың басынан бері ҚазҰЭК материалдарын қарау саны 3,6 миллионнан асты.
Сондай-ақ:
- қашықтан пайдаланушылар саны – 295 116 адам;
- электронды көшірмелерді жүктеу саны – 891 551.
Қорға мыңдаған жаңа материал қосылды
Жыл басынан бері электронды кітапхана қорына:
- 2 506 цифрлық көшірме енгізілді;
- 437 құжат өңделді;
- 127 555 бет сканерленді.
Қазіргі таңда ҚазҰЭК қорында жалпы 86 315 құжат сақталған.
Олардың ішінде:
- 10 мыңнан астам цифрландырылған қолжазба;
- сирек кітаптар;
- тарихи құжаттар бар.
ҚазҰЭК-ті 122 елдің оқырмандары пайдаланады
Электронды кітапхана қызметіне әлемнің 122-ден астам елінен қызығушылық байқалуда.
Ең белсенді пайдаланушылар:
- Қазақстан;
- Қытай;
- Ресей;
- АҚШ;
- Вьетнам;
- Өзбекстан;
- Түркия;
- Германия;
- Франция;
- Қырғызстан тұрғындары.
Порталдағы материалдар әлемнің 70 тілінде қолжетімді.
Қандай жинақтар ұсынылған?
ҚазҰЭК қорындағы танымал бөлімдердің қатарында:
- «Мемлекеттік бағдарламалар аясында жарық көрген кітаптар»;
- «Сирек құжаттар мен қолжазбалар»;
- «Түркітілдес елдер кітапханасы»;
- басқа да тақырыптық коллекциялар бар.
Пайдаланушылар барлық материалдарды тіркелусіз қарап шыға алады.
Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады
Алдағы кезеңде кітапхана жүйесін цифрландыру жұмыстары жаңа деңгейге көтерілмек.
Осы мақсатта Ұлттық цифрлық кітапхана платформасын құру жоспарланып отыр.
Жаңа платформа:
- электронды каталогтарды;
- цифрлық қорларды;
- білім беру ресурстарын;
- заманауи сервистерді біріктіреді.
Нәтижесінде азаматтар тұрғылықты жеріне қарамастан отандық әдебиетке, ғылыми еңбектерге, сирек кітаптар мен архив материалдарына еркін қол жеткізе алады.