BYD ATTO 8 – жаңа премиум жеті орындық гибрид кроссовері жуырда Қазақстанға келеді

1023
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: BYD

Қазақстанда BYD компаниясының жаңа гибридті кроссовері – BYD ATTO 8 сатылымға шығады. Жаңа модель ел нарығында ең жоғары AWD DM-p жиынтығында ұсынылады және қуатты гибридті жүйесі, толық жетек технологиясы мен 1000 шақырымнан асатын жүріс қорымен ерекшеленеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Көлік Қазақстандағы барлық ресми BYD дилерлік орталықтарында 2026 жылдың жазының соңына дейін қолжетімді болады.

Қазақстанда тек ең жоғарғы жиынтық ұсынылады

BYD ATTO 8 жергілікті нарықта AWD DM-p нұсқасында сатылады.

Бұл жиынтыққа:

  • толық жетек жүйесі;
  • DM-p (Dual Mode Performance) параллельді-тізбекті гибрид технологиясы;
  • 1,5 литрлік турбобензин қозғалтқышы;
  • екі электр қозғалтқышы кіреді.

Жүйе жол жағдайына қарай өстер арасындағы тарту күшін автоматты түрде үлестіріп, тұрақты әрі сенімді басқаруды қамтамасыз етеді.

100 км/сағ жылдамдыққа 4,9 секундта жетеді

Жаңа гибрид кроссовер жоғары динамика мен үнемділікті қатар ұсынады.

Негізгі техникалық сипаттамалары:

  • 0-ден 100 км/сағ жылдамдыққа – 4,9 секунд;
  • орташа жанармай шығыны – 6,6 л/100 км;
  • аралас режимдегі жүріс қоры – 1017 шақырымға дейін (NEDC).

Қала ішінде көлік 35,6 кВт/сағ BYD Blade Battery аккумуляторының көмегімен электр режимінде жүруге мүмкіндік береді.

Қысқаша техникалық ақпарат:

Жиынты

AWD DM-p

ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМА

 

Ұ-Е-Б (мм)

5040x1996x1760

Дөңгелек базасы, мм

2950

Жанармай багының көлемі, л

60

Шина көлемі

265/45 R21

Жұмыс көлемі, л

1,5Ti

Жетек түрі

AWD /Толық жетек

Қозғалтқыштың макс. қуаты, кВт

110

Қозғалтқыштың макс. айналу моменті, Н·м

220

Жетек түрі

AWD

Алдыңғы электр қозғалтқышының макс. қуаты, кВт

200

Алдыңғы электр қозғалтқышының макс. айналу моменті, Н·м

315

Артқы электр қозғалтқышының макс. қуаты, кВт

200

Артқы электр қозғалтқышының макс. айналу моменті, Н·м

360

Үдеу 0–100 км/сағ*, с

4,9

Максималды жылдамдық, км/сағ

200

Қала іші/қала сыртындағы жанармай шығыны (л/100 км)

6.6/8.0

Аралас циклде электр жетегімен жүру қоры (NEDC), км*

152

Аралас циклде жүру қоры (NEDC)*, км

1017

Аккумулятор сыйымдылығы, кВт·сағ

35,6

Батарея түрі

BYD Blade Battery (LFP)

Айнымалы токпен қуаттаудың макс. қуаты, кВт*

6,6

Тұрақты токпен қуаттаудың макс. қуаты, кВт*

72

Тұрақты токпен қуаттау уақыты (30 %–80 % SOC), мин*

20

Кең салон және заманауи технологиялар

BYD ATTO 8 ұзақ сапарларға және көпбалалы отбасыларға арналған.

Көліктің негізгі жабдықталуы:

  • үш қатар орындық;
  • 15,6 дюймдік сенсорлық дисплей;
  • белсенді қауіпсіздік жүйелерінің толық пакеті;
  • жүргізушіге көмек көрсету функциялары;
  • DiSound премиум аудиожүйесі;
  • ақылды мультимедиа және электрондық көмекшілер.

Салондағы 2,39 шаршы метрлік панорамалық шатыр кеңістік сезімін арттырып, табиғи жарықтың мол түсуіне мүмкіндік береді.

Жайлылық пен басқару сапасына басымдық берілген

Кроссоверде DiSus-C Intelligent Damping Suspension бейімделгіш аспасы орнатылған.

Жүйе:

  • бүйірлік қисаюды азайтады;
  • дірілді төмендетеді;
  • жолдың кедір-бұдырын тиімді сіңіреді;
  • көліктің тұрақтылығын арттырады.

Сонымен қатар iCCT интеллектуалды басқару жүйесі аспа, тежегіш және күштік қондырғының жұмысын үйлестіреді.

DC жылдам қуаттау жүйесі арқылы аккумуляторды 30 пайыздан 80 пайызға дейін небәрі 20 минутта қуаттауға болады.

Қазақстан нарығына бейімделген

Қазақстанда сатылатын барлық BYD модельдері сияқты ATTO 8 де жергілікті пайдаланушыларға бейімделген.

Көлікте:

  • мультимедиа қазақ және орыс тілдерін қолдайды;
  • дауыстық көмекші қазақ және орыс тілінде жұмыс істейді;
  • ресми мобильді қосымша қолжетімді болады.

Сатып алушыларға:

  • автокөлікке – 6 жыл немесе 150 000 шақырым кепілдік;
  • аккумулятор мен электр қозғалтқышына – 8 жыл немесе 150 000 шақырым;
  • жүріс бөлігіне – 4 жыл немесе 120 000 шақырым кепілдік ұсынылады.

BYD ATTO 8 төрт түрлі сыртқы түсте – Ink Cyan, Snow White, Obsidian Black және Galaxy Grey нұсқаларында қолжетімді болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -