Конституциядан саяси іске: Айбек Дәдебай сөзіндегі басты ойлар

891
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: adilet-partiyasy.kz

«Әділет» партиясы кезектен тыс III Съезінде сайлауалды бағдарламасын бекітіп, Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына ұсынылатын 186 кандидаттан тұратын ең ірі партиялық тізімді жариялады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Партия басшылығы бұл құжатты жай ғана саяси бағдарлама емес, азаматтардың нақты сұранысына негізделген әрекет жоспары деп бағалайды.

Съезд барысында делегаттар бірнеше маңызды мәселені қарап, жаңартылған сайлауалды бағдарламаны және Құрылтай депутаттығына ұсынылатын кандидаттардың толық тізімін бірауыздан қолдады.

Бағдарлама сегіз басым бағытқа негізделген

Жаңа құжат сегіз стратегиялық бағытты қамтиды. Әрқайсысын түрлі салада тәжірибесі бар Саяси кеңес мүшелері таныстырды.

Бағдат Мусин цифрлық мемлекетті дамытуға арналған бастамаларды ұсынса, Замира Кузиева өңірлердің дамуына қатысты көзқарасын ортаға салды. Әділетті экономика мәселесін Ренат Бектұров таныстырды. Әлеуметтік саясат бағытын Динара Зәкиева, адами капитал мәселесін Лаура Қарабасова баяндады. Сонымен қатар Қарлығаш Жаманқұлова мәдениет саласындағы ұсыныстарын, ал Ирина Тен экологиялық күн тәртібіне қатысты бастамаларын жария етті.

«Бағдарлама кабинетте отырып жазылған жоқ»

Съезд қорытындысында сөз сөйлеген партия төрағасы Айбек Дәдебай бағдарламаның қалыптасу жолына ерекше тоқталды.

«Бүгін бекітілген партияның сайлауалды бағдарламасы кабинетте отырып жазылған жоқ. Оның негізіне Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың стратегиялық бастамалары, әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы, «Әділет» партиясы өткізген көптеген стратегиялық талқылаудың нәтижесі, сондай-ақ азаматтардың ұсыныс-пікірі мен жетекші сарапшылардың ұсыныстары арқау болды», – деді Айбек Дәдебай.

Оның айтуынша, бағдарлама алдағы саяси жұмыстың бағытын айқындап қана қоймай, қоғамдағы ең өзекті мәселелерді шешудің нақты жолдарын да ұсынады.

Партия төрағасы құжаттың негізгі ерекшелігін азаматқа бағдарланған тәсілден көретінін айтты.

«Біздің бағдарламаның басты ерекшелігі – оның мемлекеттік аппараттың емес, азаматтардың мүддесіне негізделуінде. Бағдарламаның әрбір бөлімінің өзегінде нақты адам, оның тұрмыс-тіршілігі, мүддесі, үміті мен қажеттілігі тұр», – деді ол.

Ендігі кезең – өңірлердегі жұмыс

Айбек Дәдебайдың сөзінше, бағдарламаның бекітілуімен партия сайлауалды науқанның келесі кезеңіне өтеді. Алдағы уақытта негізгі күш өңірлердегі тұрғындармен кездесулерге және бағдарламаның басты қағидаларын кеңінен түсіндіруге бағытталмақ.

Ол қазіргі саяси өзгерістердің жауапкершілігі азаматтардың өзіне де байланысты екенін атап өтті.

«Жаңа Конституция Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашты. Енді маңыздысы – сол мүмкіндіктерді қалай пайдалана алатынымыз. Елді өзгертетін – адамдар: олардың идеялары, жауапкершілігі, адал еңбегі және халқына қызмет етуге деген даярлығы. Бүгін біз алдағы сайлауда «Әділет» партиясының атынан түсетін, осы жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын кандидаттар тобын бекіттік. Сіздермен бірге ел игілігі жолында еңбек етуге дайын пікірлес азаматтардың біртұтас командасын жасақтадық. Олар уәде берумен ғана шектелмейді. Кінәліні іздемейді. Өткенмен өмір сүрмейді. Болашақты бірге құрады», – деді партия төрағасы.

186 кандидат: ғылымнан бизнеске дейін

Съезд барысында Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына ұсынылатын партиялық тізім де бекітілді.

«Әділет» партиясы бұл жолы 186 кандидаттан тұратын ең ауқымды партиялық тізімді ұсынды. Оның құрамына ғылым, білім, медицина, өндіріс, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт және азаматтық қоғам салаларының өкілдері енген.

Тізімде қоғамға кеңінен танымал тұлғалар да бар. Олардың қатарында Бағдат Мусин, Асхат Аймағамбетов, Динара Зәкиева, Мұрат Әбенов, Ерлан Саиров, Айдос Сарым, Ренат Бектұров, Наталья Годунова, Вадим Басин, Сергей Пономарев, Марат Башимов, Диляра Қайдарова, Рауан Кенжеханұлы, Ерлан Қарин, Екатерина Смышляева және басқа да түрлі саланың өкілдері ұсынылған.

Партия өкілдерінің айтуынша, мұндай құрам әртүрлі кәсіби тәжірибені, өңірлік өкілдікті және қоғамдық пікірдің кең ауқымын біріктіруге мүмкіндік береді.

Съезд шешімі

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралғаннан кейін делегаттар кезектен тыс III Съездің қаулысын қабылдап, күн тәртібіндегі әрбір мәселе бойынша қабылданған шешімдерді ресми түрде бекітті.

Осылайша «Әділет» партиясы сайлауалды кезеңнің негізгі құжаттарын қабылдап, ендігі назарын өңірлердегі жұмысқа, азаматтармен тікелей кездесулерге және сайлауалды бағдарламаның басымдықтарын түсіндіруге аудармақ.

Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі:

1. Авершин Константин Викторович
2. Адаев Ербол Дәненұлы
3. Адамбаева Әлия Райымқұлқызы
4. Адамбек Кендебай Сарыбайұлы
5. Адамбеков Тілектес Серікбайұлы
6. Аймағамбетов Асхат Қанатұлы
7. Аймағанова Айжан Талғатқызы
8. Алтай Абай
9. Амантайұлы Жарқынбек
10. Атабаева Гүлзира Нұржанқызы
11. Атамқұлова Гүлназ Төреханқызы
12. Ахмедиев Дархан Мейрамұлы
13. Ахметов Съезбек Рақышұлы
14. Ахметов Сәбит Мейрамұлы
15. Ашимова Ульяна
16. Әбдікешов Алмат Жанболатұлы
17. Әбенов Мұрат Абдуләмитұлы
18. Әбілева Айымгүл Ақылбайқызы
19. Әбілов Алпамыс
20. Әлімқұлов Бекжан Мұхидинұлы
21. Әмірғалиев Мадияр Орынтайұлы
22. Әскеров Эмин Халилұлы
23. Әшімжанов Жанарбек Садықанұлы
24. Әшімова Аяужан Тұрсынбекқызы
25. Базенов Айрат Базенұлы
26. Байбеков Шалкар
27. Байсақова Зүлфия
28. Байтұрсынов Ғиззат Сейдахметұлы
29. Бақытбекұлы Нұркен
30. Балтабаев Әділ Серікұлы
31. Балташева Айнагүл Қыдырбайқызы
32. Басин Вадим Борисов
33. Батырбеков Ерлан Ғаділетұлы
34. Батырхан Жолдас Нұрланұлы
35. Башимов Марат Советұлы
36. Баялиев Рустам Ахатханұлы
37. Баялышбаев Елдос Қайыркенұлы
38. Бежецкий Сергей Владимирович
39. Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы
40. Бектұров Ренат Нұрмолдаұлы
41. Беркімбаев Берік Серікұлы
42. Беспалинов Берген Маратұлы
43. Бәденова Әсел Жанболатқызы
44. Битеміров Дәурен Мұхтарұлы
45. Бірмағамбетов Наурызбек
46. Больгерт Евгений Андреевич
47. Бұршақов Сатыбалды Ересұлы
48. Газдиева Белла Асланбековна
49. Годунова Наталья Николаевна
50. Данағұлов Ербол Жеткергенұлы
51. Данбаева Жұлдыз Сейітқамзақызы
52. Данилов Александр Сергеевич
53. Дәдебай Айбек Арқабайұлы
54. Дәуіталиев Қазыбек Нұрсейітұлы
55. Ділдәбек Дидарбек Жұмағалиұлы
56. Дулатбеков Нұрлан Орынбасарұлы
57. Егамбердиева Динара Асылқызы
58. Елеусізова Бота Серікқызы
59. Ералиев Бегалы Ералыұлы
60. Ералиев Мағжан Абзалұлы
61. Ерғарин Дәурен Тілекұлы
62. Ергешбек Нұрсадық Ергешбекұлы
63. Ерназар Шынасыл Жеңісұлы
64. Ерниязова Айсұлу Әлімжанқызы
65. Есімханов Сұнғат Қуатұлы
66. Есматов Серік Аманжолұлы
67. Жақселекова Ботагөз Шаймарданқызы
68. Жамалов Бауыржан Салдарұлы
69. Жаманқұлова Карлығаш Қалибекқызы
70. Жансеңгіров Арман Серікұлы
71. Жүкебаев Алмат Отаубайұлы
72. Жұмағазиев Эльдар Тынышбайұлы
73. Жылқыбаева Ләззат Әуезханқызы
74. Зенченко Геннадий Геннадьевич
75. Зәкиева Динара Болатқызы
76. Ильясов Еркебұлан Сайдоллаұлы
77. Имашева Снежанна Валерьевна
78. Искандерова Ақерке Нұрғалиқызы
79. Кемалов Мейрамбай Тамабайұлы
80. Кенжеханұлы Рауан
81. Керімбаева Наргиза Абайдоллақызы
82. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы
83. Көбеева Алтынай Орманқалиқызы
84. Кузиева Замира Закировна
85. Кучинская Юлия Владимировна
86. Қажыбаева Раушан Жаңабергенқызы
87. Қайдарова Диляра Радикқызы
88. Қайыпов Дәурен Айтасұлы
89. Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы
90. Қалықов Арман Қобыландыұлы
91. Қамзабекұлы Дихан
92. Қарабасова Лаура Чапайқызы
93. Қариева Шолпан Қайратқызы
94. Қарин Ерлан Тынымбайұлы
95. Қаринова Шолпан Таңатқызы
96. Қисықова Ақтоты Жанаралқызы
97. Қожаев Марат Шәдетханұлы
98. Қожаниязов Серік Салауатұлы
99. Қожахметова Ләззат Таймырқызы
100. Құйқабаев Асқар Нұртуғанұлы
101. Құрмансейіт Ақжол Ахатұлы
102. Лаврентьев Андрей Сергеевич
103. Маралов Дәурен Әділмырзаұлы
104. Матжани Нұрбек Сейілханұлы
105. Медеуова Дана Теміртайқызы
106. Мекеева Жанат Жұмағазықызы
107. Мусин Бағдат Батырбекұлы
108. Мүтәліп Шахмұрат
109. Мүтиев Абылай Құрметұлы
110. Мұсылманбек Ерқанат
111. Мұхамбедиев Мұратбек Қайырсәпиұлы
112. Мұханбетжанова Әлия Биғазықызы
113. Мұхтарова Назгүл Батыржанқызы
114. Мырзағараев Мади Жомартұлы
115. Найымбекова Айжан Ізбасханқызы
116. Нарымбетов Бахадыр Мадалыұлы
117. Нахбаева Гүлісхан Сайфулинқызы
118. Ниязалиев Нұржан Әуезұлы
119. Нұрғалиев Ербол Жолдаспекұлы
120. Нұрмухамедов Бөріхан Жолбарысұлы
121. Осин Кирилл Владимирович
122. Оспанбеков Әмірбек Қанатбекұлы
123. Оспанов Шота Сәбитбекұлы
124. Өрісбаев Аббат Жәңгірханұлы
125. Павленко Дмитрий Иванович
126. Парсегова Анжелика Борисовна
127. Перепечина Ольга Валентиновна
128. Петров Константин Викторович
129. Пономарев Сергей Михайлович
130. Пулатов Шерзод Аббозович
131. Разбекова Ләззат Мұратқызы
132. Рамазанова Наталья Сергеевна
133. Рахметова Айзада Нұрланқызы
134. Рожин Максим Николаевич
135. Рымжанов Мәди Рысбекұлы
136. Савельева Татьяна Михайловна
137. Сағымбаева Жұлдыз Әбдіполатқызы
138. Сағынов Замир Садықұлы
139. Саиров Ерлан Бияхметұлы
140. Сайланбаев Әлібек Айдосұлы
141. Сапарова Эльмира Карифоллақызы
142. Сартбаева Әсем Бахытқызы
143. Сарым Айдос Әміроллаұлы
144. Себасов Марат Бақбергенұлы
145. Семидоцких Елена Александровна
146. Сәбитова Айнұр Әлімханқызы
147. Сәдуақасова Динара Тайбасарқызы
148. Сқакова Айжан Амангелдіқызы
149. Смышляева Екатерина Васильевна
150. Соловьёва Ирина Анатольевна
151. Солтабаева Эльзира Әуесханқызы
152. Сулаймонова Русана Русланқызы
153. Сүгірбай Аят Исатайұлы
154. Сүлейменова Жұлдыз Досбергенқызы
155. Сүлейменова Айсұлу Қанатқызы
156. Талаева Тәттігүл Жақсыбайқызы
157. Талғатбекова Нұргүл Ахатқызы
158. Тамабек Әбілхайыр Ғалымұлы
159. Тауан Мұхамедқали
160. Темербаева Айжан Маратқызы
161. Тен Ирина Сергеевна
162. Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы
163. Теренченко Илья Сергеевич
164. Тілемісов Тұрарбек Тілемісұлы
165. Тойлыбаева Гүлнар Қожағұлқызы
166. Тоқтамұрат Армангүл
167. Тоқшылық Ерлан Бейсенұлы
168. Толыбаев Нұрлан Әлішерұлы
169. Төлегенов Асылжан Қанатұлы
170. Төлеушин Қаныш Аманбайұлы
171. Төренова Қалия Батталқызы
172. Усанова Руфина Касымовна
173. Фазылжан Анар Мұратқызы
174. Хаирова Әсел Әнуарқызы
175. Хайруллиев Мұса Қарашаұлы
176. Хайруллин Арман Ғабидоллаұлы
177. Хамза Еділ
178. Шағыртаев Имамзада Қуанышбайұлы
179. Шалбаева Айгүл Дүйсенқызы
180. Шапақ Үнзила
181. Шаталов Никита Сергеевич
182. Шермағанбет Мейрамбек
183. Шибұтов Марат Мақсұмұлы
184. Шыңғысбаева Ләззат Алтынбекқызы
185. Щербаков Станислав Александрович
186. Юлдашев Мамирхан Муталибович

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -