Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуі Қазақстаннан Дубайға ұшатын рейстерге де әсер етті.
Air Astana бірнеше рейске өзгеріс енгізіп, жолаушыларға маңызды ақпарат жариялад, деп хабарлайды DKNews.kz.
12 шілдеде Таяу Шығыстағы жағдайдың ушығуына байланысты Air Astana Дубай бағыты бойынша рейстердің кестесіне шұғыл өзгерістер енгізді.
Компанияның мәліметінше, Астанадан Дубайға таңғы сағат 07:10-да ұшып шыққан KC205 рейсі қауіпсіздік мақсатында кері бұрылып, ұшып шыққан әуежайға қайта оралады.
Сонымен қатар, Алматыдан Дубайға 08:50-де ұшуы тиіс болған KC897 рейсі толықтай тоқтатылды.
Жолаушыларға билет ақшасы толық қайтарылады
Әуе компаниясы рейстері тоқтатылған жолаушыларға билет құнын толық көлемде қайтаруға мүмкіндік беретінін хабарлады.
«Жолаушыларға сатып алу орны бойынша билеттердің құнын толық қайтару ұсынылады.»
Жағдай бақылауда
Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайды тұрақты бақылап отырғанын және шетелде қалып қойған жолаушыларды елге қайтару мәселесімен айналысып жатқанын мәлімдеді.
Компания алдағы уақытта рейстер кестесіне қосымша өзгерістер енгізілуі мүмкін екенін ескертті.
«Air Astana жағдайды мұқият бақылап, қалып қалған жолаушыларды шығару мәселелерін шешеді.»
Жолаушыларға маңызды ескерту
Әуе тасымалдаушысы барлық жолаушыларға рейс мәртебесін жолға шығар алдында міндетті түрде тексеруге кеңес береді.
«Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі межелі әуежайларға ұшу және ұшып келу уақытында өзгерістер күтілуде.»
Сарапшылардың айтуынша, Таяу Шығыстағы геосаяси ахуал халықаралық әуе қатынасына тікелей әсер етіп отыр. Әуе компаниялары қауіпсіздік талаптарына сәйкес кейбір бағыттарды уақытша өзгертіп немесе тоқтатып жатыр. Сондықтан Дубай мен Парсы шығанағы елдеріне сапар жоспарлаған жолаушыларға ресми ақпаратты тұрақты қадағалау ұсынылады.
Air Astana байланыс арналары
Қосымша ақпарат алу үшін жолаушылар мына арналарға жүгіне алады:
«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.