Астанада мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіндегі өзгерістер түсіндірілді

539
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: Gov

Астанада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған семинар өтті. Іс-шара барысында заңнамадағы жаңашылдықтар таныстырылып, мемлекеттік рәміздерді қолдану тәжірибесі мен өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Семинарды Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.

Астанада мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіндегі өзгерістер түсіндірілді

Заңнамадағы өзгерістер талқыланды

Іс-шараға Астана қаласының мемлекеттік мекемелері мен оларға бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар барысында:

  • мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер түсіндірілді;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдардағы қолдану тәжірибесі қарастырылды;
  • қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді;
  • өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.

«Гимн» атауы енді ресми түрде «әнұран» деп қолданылады

Семинар барысында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Мәлікқызы мемлекеттік рәміздерді пайдалану талаптарына тоқталды.

«Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздері ту, елтаңба, әнұран. Осыған дейін «гимн» деп аталса, биылдан бастап ресми түрде «әнұран» деп аталады. Мемлекеттік ту елдің барлық аумағындағы барлық мекемеде орналасуы керек. Тек қана шетелдік елшіліктерге ғана туды ілу міндеттелмейді. Оның барлық стандарттын сақтау шарт. Жалпы, рәміздерді қастерлеп, күтіп ұстап, мән-маңызын арттырған жөн», – деді ол.

Бұл не үшін маңызды?

Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірегейлігінің басты нышандары. Оларды пайдалану тәртібін дұрыс сақтау мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның да құқықтық мәдениетін нығайтуға ықпал етеді. Заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру мемлекеттік рәміздерді бірізді әрі талапқа сай қолдануға мүмкіндік береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -