Ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген күдікті Грузиядан экстрадицияланды

660
Мәдина Есенова Редактор
Фотосурет: Gov

100 миллион теңгеден астам шығын.

Кипрден баспана алып беремін деген күдікке ілінген қазақстандық халықаралық іздеуден кейін Грузияда ұсталып, елге қайтарылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Күдікті халықаралық іздеуде болған

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерполының қызметкерлері аса ірі мөлшердегі алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Қазақстан азаматын Грузиядан экстрадициялады.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалып, іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (@prokuratura.govkz)

Тергеу нені анықтады?

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті 2021 жылғы қаңтар мен 2022 жылғы ақпан аралығында Атырау қаласында әрекет еткен.

Ол жәбірленушіге Кипрден пәтер сатып алуға көмектесетінін айтып сеніміне кіріп, бірнеше рет ақша аудартқан.

Нәтижесінде әйел 100 миллион теңгеден астам қаражатынан айырылған.

Грузияда қолға түсті

Оқиғадан кейін күдікті Қазақстаннан кетіп қалып, халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылдың маусымында ол Грузия аумағында ұсталды. Кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы негізінде елге экстрадицияланды.

Қандай жаза қарастырылған?

Қазіргі таңда күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Егер оның кінәсі сотта дәлелденсе, оған:

  • 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
  • мүлкін тәркілеу;
  • белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 10 жылға дейін айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -