Ұландықтар жаңа оқу жылы қарсаңында ондаған балаға қолдау көрсетті

693
Анастасия Ким Редактор
Фотосурет: Ұлттық ұлан

70-ке жуық бала көмек алды.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің қызметшілері әлеуметтік осал және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға рюкзактар, кеңсе тауарлары мен оқу құралдарын табыстады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Әскери қызметшілер балаларды жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясына қатысты.

5518 әскери бөлімінде оқушыларға рюкзактар табысталды

Акция аясындағы шаралардың бірі Өскемендегі 5518 әскери бөлімінде өтті. Балаларға қажетті кеңсе тауарлары мен оқу құралдары салынған рюкзактар берілді.

Сыйлықтарды әскери бөлім командирі табыстап, оқушыларға жаңа оқу жылында табыс, жақсы баға және жаңа жетістіктер тіледі.

5518 әскери бөлімі командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ансар Шәкенов өскелең ұрпақты қолдау ортақ жауапкершілік екенін айтты.

«Халқымыз “Білім инемен құдық қазғандай” деп бекер айтпаған. Сапалы білім мен лайықты тәрбие — ел болашағының берік негізі. Сондықтан өскелең ұрпақты қолдау — әрқайсымызға ортақ міндет. Балаларға қамқорлық жасау арқылы біз олардың бүгінгі күніне ғана емес, болашағына да үлес қосамыз. Мұндай игі бастамалар әскери ұжым мен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, әлеуметтік мәселелерді шешуге де ықпал етеді», — деді Ансар Шәкенов.

Үш облыста 50-ге жуық балаға оқу құралдары берілді

«Мектепке жол» акциясына «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бірнеше өңірдегі әскери бөлімдері қатысты.

Абай және Павлодар облыстарында 20-ға жуық оқушы кеңсе тауарларымен қамтамасыз етілді. Шығыс Қазақстан облысында шамамен 30 балаға мектепке қажетті құралдар берілді.

Жалпы биыл өңірлік қолбасшылықтың әскери бөлімдері 70-ке жуық балаға қолдау көрсетті. Оқушыларға рюкзактар, дәптерлер, кеңсе тауарлары және сабаққа қажетті басқа да оқу құралдары табысталды.

Балалардың ата-аналары әскери қызметшілерге жаңа оқу жылы қарсаңында көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді.

«Мектепке жол» акциясына қатысу «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері үшін жыл сайынғы дәстүрге айналған. Бұған дейін де біз Ұлттық ұлан сарбаздарының өңірлерде балаларды жаңа оқу жылына дайындауға қолдау көрсеткені туралы жазған едік.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -