Ержан Еркінбаев ағаш кесілген видеоның Almaty SuperSki-ге қатысын жоққа шығарды

803

Kazakh Tourism Development компаниясының бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаев әлеуметтік желілерде тараған кесілген ағаштар көрсетілген видеоның Almaty SuperSki жобасына қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бейнежазбадағы жер телімі жоба аумағына да, Көк-Жайлауға да жатпайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәлімдеме компания сайтында 2026 жылғы 11 қыркүйекте жарияланды. Оған әлеуметтік желілерде видео Almaty SuperSki жобасы жүзеге асырылып жатқан аумақта түсірілген деген ақпараттың таралуы себеп болған.

«Ресми түрде мәлімдеймін: бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Видеода көрсетілген жер телімі Almaty SuperSki жобасы жүзеге асырылатын аумаққа да, Көк-Жайлауға да жатпайды. Бүгінгі күнге дейін жоба аясында бірде-бір ағаш кесілген жоқ», — деп мәлімдеді Ержан Еркінбаев.

Бейнежазбаның нақты қай жерде түсірілгені және ондағы ағаштардың қашан кесілгені мәлімдемеде нақтыланбаған.

Еркінбаев жарияланым авторлары мен әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Сондай-ақ ол көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

Компания басшысы Kazakh Tourism Development сындарлы диалогқа ашық екенін және жобаның жүзеге асырылу барысы туралы шынайы мәлімет беруге дайын екенін жеткізді.

Almaty SuperSki жобасының экологиялық мәселелерін бұған дейін Францияның S3V компаниясы басқармасының төрағасы Паскаль де Тьерсанмен де талқылаған едік. Сұхбатта ол тау курорттарының табиғатқа әсерін азайту және құрылыс аяқталғаннан кейін аумақтарды қалпына келтіру тәсілдері туралы айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -