Степногорскіде Ақмола облысы прокуратурасының араласуынан кейін «BRESK» ЖШС-нің жер пайдалану құқығы ұзартылды. Жер мәселесінің шешілмеуі құны 5,8 млрд теңгелік агроөнеркәсіптік жобаны одан әрі қаржыландыруға және іске асыруға кедергі келтірген, деп хабарлайды облыстық прокуратураға сілтеме жасаған DKNews.kz.
Жерді пайдалану мерзімі ұзартылмағандықтан, компания жобаны толыққанды жалғастыра алмаған. Прокуратура қабылдаған шаралар нәтижесінде жер пайдалану құқығы жаңа мерзімге ұзартылды.
Қадағалау органының бағалауынша, бұл шешім әкімшілік кедергіні жойып, қаржы тартуға және жобаны жалғастыруға жағдай жасады. Хабарламада жаңа қаржының нақты түскені туралы мәлімет берілмеген.
«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.