«Қыз Жібек» спектаклі БРИКС фестивалінің бағдарламасына енді

532
Фотосурет: @madenietaqparat

«Қыз Жібек» Нью-Делиде сахналанды. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры Үндістанда өткен БРИКС халықаралық театр фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Ұжым шетелдік көрерменге қазақ халқының рухани мұрасы мен ұлттық салт-дәстүрін танытатын қойылым ұсынды. Фестивальге қатысу қазақ сахна өнерін халықаралық ортада таныстыруға және мәдени байланысты нығайтуға мүмкіндік берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Нью-Дели сахнасындағы «Қыз Жібек»

Спектакльдің режиссері – өнертану бойынша PhD докторы Елік Нұрсұлтан. Театр ұжымы фестиваль аясында осы қойылым арқылы ұлттық мұраны сахна тілімен жеткізді.

Өнер арқылы мәдени байланыс орнату

Фестивальдің ашылу салтанатына Үндістанның Мәдениет және туризм министрі Гаджендра Сингх Шехават қатысты. Ол шығармашылық ұжымдарға жылы лебізін білдіріп, халықтар арасындағы достықты нығайтудағы өнердің маңызына тоқталды және қатысушыларға шығармашылық табыс тіледі.

Бұған дейін біз Астанадағы БҰҰ күні аясында «Жастар» театрының «Жібек» мюзиклі қойылғаны туралы жазған едік. «Қыз Жібек» эпосына негізделген бұл туынды да ұлттық мұраны халықаралық қауымдастыққа таныстырды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -