Авиациядан цифрландыруға дейін: Республика күні қарсаңында кімдер марапатталды?

623
Ринат Сафин Редактор
Фотосурет: UKIMET

Энергетика, авиация, цифрландыру, ғылым және мемлекеттік қызмет — Республика күні қарсаңында осы салаларда еңбек етіп жүрген азаматтардың еңбегі мемлекеттік наградалармен бағаланды. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-министр Олжас Бектенов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға марапаттарды табыс етт, деп хабарлайды DKNews.kz.

Марапатталғандар қатарында мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызметкерлері, қаржы және көлік саласының басшылары, су ресурстары, экология, білім және әлеуметтік қорғау бағыттарында жұмыс істейтін мамандар бар. Салтанатты рәсімде ордендер, медальдар, құрметті атақ пен төсбелгілер берілді.

«Әрбір жетістіктің артында күнделікті еңбек тұр»

Олжас Бектенов елдегі өзгерістер мен жетістіктер азаматтардың жауапкершілігіне, ұйымшылдығына және өз ісіне адалдығына байланысты екенін атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен бәріміз бір ел болып, ауқымды саяси реформаларды табысты жүзеге асырдық. Егемендіктің берік тұғырына айналған жаңа Конституциямыз заңды күшіне еніп, мемлекеттік басқару жүйесі түбегейлі қайта жаңғырды. Қазақстан азаматтарының жасампаз рухының арқасында бірегей саяси оқиғаларды жауапкершілікпен әрі жоғары ұйымшылдықпен атқарып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды бастамаларды қолға алдық», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр мемлекеттік наградалар ел дамуына үлес қосқан азаматтардың қажырлы еңбегіне көрсетілген құрмет әрі лайықты баға екенін айтты. Әрбір маңызды жетістіктің негізінде өз кәсібіне шынайы берілген адамдардың күнделікті жұмысы жатыр.

Сондай-ақ еңбек адамының рөліне және «Адал азамат» құндылықтарына ерекше мән берілді. Оның негізі — еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік пен білімге ұмтылыс. Үкімет басшысы Президенттің Әділетті, Озық, Күшті әрі Таза Қазақстанды құру бағытын іске асыру барша қазақстандықтың бірлескен күш-жігерін қажет ететінін жеткізді.

ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды:

  • Тимур Қарағойшин — «Мемлекеттік ведомстводан тыс жобаларға сараптама» РМКҚ бас директоры.

ІІ дәрежелі «Достық» ордені

ІІ дәрежелі «Достық» орденіне ие болды:

  • Николай Подгузов — Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасы.

«Құрмет» ордені

Цифрлық даму және теміржол саласының өкілдері «Құрмет» орденімен марапатталды:

  • Ростислав Коняшкин — жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі.
  • Шыңғыс Оразәлімов — «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
  • Дияр Нүсіпқожанов — «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ аппарат басшысы.

«Ерен еңбегі үшін» медалі

«Ерен еңбегі үшін» медалімен экономиканың түрлі салалары мен мемлекеттік басқару жүйесінде еңбек етіп жүрген азаматтар марапатталды. Толық тізім:

  • Ерғали Әбдірайымов — «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ бас директоры.
  • Абылайхан Оспанов — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры.
  • Бақытжан Жүнісбеков — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы.
  • Жаныл Үмбетьярова — «Хиуаз Доспанова халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасы.
  • Мәлік Сәулебай — «Қазақстан стандарттау және метрология институты» РМК бас директоры.
  • Айгүл Әкімбаева — «KEGOC» АҚ басқарушы директоры.
  • Сейілбек Нұрымбетов — Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы.
  • Ерболат Қожықов — Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы.
  • Талғат Сапарғалиев — Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы.
  • Қанат Ерубаев — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы.
  • Дамир Сейсембеков — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің төрағасы.
  • Ержан Ақтаев — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары.
  • Олжас Әлібеков — Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары.
  • Еркін Үйсімбаев — Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторы.
  • Үмітжан Арықбекова — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары.
  • Айман Рақымова — Үкімет Аппаратының бас консультанты.
  • Эльмира Асан — Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары.
  • Анар Бекбаева — Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары.
  • Сәуле Сәрсенова — Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.
  • Жанна Есінбаева — Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары.
  • Әйгерім Байзақова — Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.
  • Сәрсен Жарылғасов — Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары.
  • Мейрамгүл Жанысова — Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.
  • Қанат Жеңісбекұлы — Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
  • Сұңғат Жұматов — Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.
  • Жанар Нұржанова — «Қазатомпром» АҚ басқарушы директоры.
  • Ғабдолла Жүнісов — Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары.
  • Бақытжан Таубаев — «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры.
  • Юлия Овечкина — Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары.
  • Абай Құнанбаев — Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.
  • Нұрбек Серіков — Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары.
  • Айгүл Омарова — Үкімет Аппаратының бас консультанты.
  • Эльмира Тілләбайқызы — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары.
  • Мейірман Үсіпов — Үкімет Аппаратының бас инспекторы.
  • Ақмарал Сләмова — Үкімет Аппаратының бас инспекторы.
  • Ерден Ыбыраев — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары.
  • Аслан Тұрғалиев — Үкімет Аппаратының бас инспекторы.
  • Алтынай Тұяқова — Үкімет Аппаратының сектор меңгерушісі.
  • Серікбол Шалданбаев — Үкімет Аппаратының бас инспекторы.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді:

  • Владимир Денисов — «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ президенті.

«Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісі

Мемлекеттік қызметтегі еңбегі үшін «Мемлекеттік қызмет ардагері» төсбелгісімен марапатталды:

  • Олег Федоров — Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісі.
  • Зағифа Хамитова — Үкімет Аппаратының бөлім меңгерушісінің орынбасары.

Бұдан бөлек, көп жылғы адал қызметі мен кәсіби жетістіктері үшін Үкімет Аппаратының қызметкерлеріне Премьер-министрдің алғыс хаттары табысталды. Ресми хабарламада алғыс хат алған қызметкерлердің аты-жөні жеке көрсетілмеген.

Мемлекеттік марапат — күнделікті еңбекке берілген баға

Бұл рәсімде қызметі әртүрлі болғанымен, ел алдындағы жауапкершілігі ортақ мамандардың еңбегі бағаланды. Олардың бірі инфрақұрылым мен өндіріс жұмысына атсалысса, енді бірі мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне, су ресурстарын басқаруға, балалар мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауға жауап береді.

Олжас Бектенов атап өткендей, елдің жетістіктері осындай күнделікті жұмыстан құралады. Республика күні қарсаңындағы марапаттау сол еңбектің маңызын танытып, кәсібіне адал азаматтардың үлесін мемлекеттік деңгейде мойындауға арналды.

Бұған дейін біз көлік саласының мамандары мен ардагерлеріне Президент атынан мемлекеттік наградалар табысталғаны туралы жазған едік. Ол рәсімде де саланың дамуына үлес қосқан қызметкерлердің еңбегі мен кәсіби жетістіктері атап өтілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -