Жаңа кроссовер Алматы қаласындағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan мультибрендті зауытында шығарылады.
Astana Motors құрамындағы Changan брендінің ресми дистрибьюторы жаңа толық жетекті UNI-S 4WD кроссоверінің сатылымы басталғанын хабарлады.
Жаңа модель қала ішіндегі күнделікті жүріске, саяхатқа және белсенді демалысқа арналған әмбебап автокөлік іздейтіндерге арналған.

UNI-S моделінің басты ерекшеліктері – 4WD толық жетекті жүйе мен жергілікті жағдайларға бейімделуінде. Автокөлік бір ғана жинақтамада ұсыналды, бағасы 11 790 000 теңге. Өндірушінің ресми кепілдігі – 5 жыл немесе 150 000 км дейін (қайсысының уақыты бірінші келсе).
«Қазақстан үшін автокөліктің әртүрлі пайдалану жағдайларына дайын болуы аса маңызды. Жыл бойы жүргізушілеріміз қатты аязға да, аптап ыстыққа да, күрделі жол жағдайларына да тап болады. Сондықтан біз қазақстандықтарға қала көшелерінде, тасжолда, отбасылық саяхататрда бірдей қолайлы болатын заманауи әрі жақсы жабдықталған кроссовер ұсынуға ұмтылдық», – деді Changan Kazakhstan дистрибуция директоры Денис Коломацкий.

Changan UNI-S 4WD 181 ат күшіне және 280 Н·м айналу моментіне ие, бұл көрсеткішке 1500 айн/мин жылдамдықтан бастап қол жеткізіледі. Кроссовер 1,5 литрлік бензинді турбоқозғалтқышпен жабдықталған. Қозғалтқыш қос іліністі 7 сатылы робот беріліс қорабымен (7DCT) жұптастырылған. Автокөлік 100 км/сағ жылдамдыққа 9,5 секундта жетеді. Стандартты Eco, Normal және Sport режимдерінен бөлек, қар, балшықт және құмда жүруге арналған Snow, Mud және Sand режимдері, сондай-ақ төмен түсуге және өрге қарай қозғалуға көмектесетін жүйелер қарастырылған.
UNI-S моделінің Қазақстанға арналған нұсқасы толық жетекті жүйемен, көлемі 68 литрге дейін ұлғайтылған жанармай багымен және қозғалтқышты −40 °C температурада іске қосу мүмкіндігімен ерекшеленеді. Кроссовер АИ-92 бензинін пайдалануға бейімделген. Мәлімделген жанармай шығыны 100 км-ге 8,3 литр, ал жүріс қоры шамамен 820 км-ді құрайды. Қыс мезгілінде жүріс жайлы болу үшін алдыңғы және артқы орындықтарды, рульді, әйнектерді, айналарды және әйнекжуғыш форсункаларын жылыту, сондай-ақ қозғалтқышты қашықтан іске қосу функциясы қарастырылған.

Changan UNI-S автокөлігінің сыртқы келбеті шанақтың айқын сызықтарымен, жарықдиодты оптикамен, артқы спойлермен, 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дискілермен және электр жетекті люгі бар панорамалық шатырмен ерекшеленеді. Сатып алушыларға шанақтың бес түсі және салонды ішін әрлеудің үш нұсқасы ұсынылады.
Салон әрлеуінде ойықталған экобылғары, атмосфералық жарықтандыру және панельдердің жұмсақ қаптамасы қолданылған. Жүргізуші орындығы электр реттеуіш, баптауларды есте сақтау және «ыңғайлы отырғызу» функцияларымен жабдықталған, ал алдыңғы орындықтарда желдету жүйесі бар.
Changan UNI-S 4WD интерьері
14,6 дюйм мультимедиа дисплейі Apple CarPlay және Android Auto жүйелеріне сымсыз қосылуға мүмкіндік береді. Жүргізушіге арналған 10,25 дюйм цифрлық аспаптар панелі барлық қажетті ақпаратты ыңғайлы форматта ұсынады. Мәзір қазақ, орыс, ағылшын және өзбек тілдерінде қолжетімді. Жабдықтар қатарын екі аймақты климат-бақылау жүйесі, сымсыз қуаттау құрылғысы және көлемі 475 литр электр жетекті жүксалғыш толықтырады.

Қауіпсіздік жүйелерінің қатарында Stop&Go функциясы бар адаптивті круиз-бақылау, жаяу жүргіншілерді анықтайтын автоматты шұғыл тежеу жүйесі, соқыр аймақтарды бақылау және қозғалыс жолағында ұстап тұру жүйелері бар. Сондай-ақ 360° айнала шолу камералары, қашықтан тұраққа қою функциясы және алты қауіпсіздік жастығы қарастырылған.
Бүгінде Changan Қазақстандағы қытай брендтері арасында сатылым көлемі бойынша бірінші орында тұр. 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Changan автокөліктерінің сатылымы 15,6 мың данадан асты. Бренд сатылым рейтингінде 8-орыннан 4-орынға көтеріліп, нарықтағы үлесін 5%-дан 9%-ға дейін ұлғайтты.
Қазіргі таңда Changan автокөліктері Қазақстанның 20 қаласындағы 36 ресми дилерлік орталықта ұсынылған.
Жаңа модель туралы толығырақ ақпаратты Changan Kazakhstan ресми сайтынан немесе 7007 байланыс орталығының нөмірі арқылы алуға болады.