Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Айбек Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалды.
Бұған дейін ол ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметін атқарған, деп хабарлайды DKNews.kz.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Жексеналыұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды" Ақорда
Айбек Сыдықов 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Алматы қаласы тарихы музейінде экскурсия жетекшісі болып бастаған. Әр жылдары музей мекемелерін басқарып, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі директорының орынбасары қызметін атқарған.
2025 жылғы қаңтардан бастап ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болған.