Қытай өңдеу өнеркәсібіне инвестиция бойынша шара қолдануда

22785

Қытай өңдеу өнеркәсібіне инвестицияларды  тұрақтандыруға бірқатар шара қолданады.

 «Қытай технологияларды жаңартуға инвестицияларды көтермелеу және көміртегі шығарындыларын азайту үшін дәстүрлі өндіріске саяси қолдауды арттыру арқылы жасыл инвестицияларды ынталандырады», - деді Мэн Вэй, Ұлттық даму және реформалар комиссиясының баспасөз хатшысы.

«Алдыңғы қатарлы өндіріске инвестицияларға, өндірістік тізбек және жеткізілім тізбегінің әлсіз буындарын жақсартуға қолдау көрсетіледі», - деп қосты Мэн.

Өкілдің айтуынша, шығындарды қысқартудың әр түрлі бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, шикізат тауарларының бағасына қысымды жеңілдету және өңдеу өнеркәсібіндегі орта және төменгі сегментінің өндіріс кәсіпорындары үшін инвестициялық ынталандыруды күшейту үшін кешенді шаралар қабылданады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Қытайдың негізгі капиталға салған инвестиция көлемі 30,25 триллион юаньді (шамамен 4,67 триллион АҚШ долларын) құрады.

Дәлірек айтқанда, деректерге сәйкес, өңдеу өнеркәсібіне инвестициялар осы кезеңде жылдық есептеу бойынша 17,3% өсті.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -