Экономикалық белсенділіктің негізгі көрсеткіші болып саналатын Қытайдағы электр энергиясын тұтыну елдің экономикасы одан әрі қалпына келуіне байланысты, тамызда жылдық есептеу бойынша 3,6 пайызға өсті.
Ұлттық энергетика әкімшлігінің мәліметінше, өткен айда электр энергиясының жалпы тұтынуы 760,7 млрд кВт-сағ болды.
Тамызда бастапқы және қайталама салада энергия тұтыну өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 13,7 және 0,6 пайызға өсті, ал қызмет көрсету аясында энергия тұтыну жылдық есептеу бойынша 6,2 пайызға көтеріліп кетті.
Тұрғын үйлердегі электр энергиясын тұтыну өткен айда жылына 12,5% -ға өсті.
Деректер көрсеткендей, осы жылдың алғашқы сегіз айында Қытайда электр энергиясын тұтыну 5,5 трлн кВт-сағ құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,8% артық.