Dubai World Expo көрмесінде Қытай павильоны қазан айында ашылады

287001

Дубайдағы ЭКСПО -2020 көрмесінде ірі павильондардың бірі Қытай павильоны 1 қазанда ашылады, деді  ресми өкіл.

 «Қытайдың 26 ​​өңірі мен 40-тан астам жетекші қытайлық кәсіпорын көрмеде онлайн және офлайн арналар арқылы экспозициялар, форумдар және басқа да іс-шаралар өткізеді»,-деді Қытайдың халықаралық сауданы дамыту жөніндегі кеңесі басшысының орынбасары Чжан Шенфэн баспасөз маслихатында.

 Чжан Экспо -2020 көрмесіне қатысатын қытайлық кәсіпорындардың саны Қытайдан тыс жерде өткен кез келген басқа жаһандық көрмелерге қарағанда көп екенін айтты.

 COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған ЭКСПО 2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді және «Ақылдарды байланыстыру, болашақты құру» тақырыбына арналады.

 Бүгінгі күні барлығы 192 мемлекет ЭКСПО -2020 көрмесіне қатысатындығын растады және бұл шара 25 миллион келушіні тартады деп күтілуде.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -