Eurasia Commodity and Trade Online Expo 2021 көрмесі сәрсенбіде Қытайдың солтүстік-батысындағы Шыңжаң -Ұйғыр автономиялық ауданының астанасы Үрімшіде ашылды.
Өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық үшін Жібек жолының коммерциялық және сауда алаңын құруға бағытталған онлайн-көрмеге 25 елден 1323 экспонент пен 1865 сатып алушы тартылды.
Онлайн көрме залы туризм, тоқыма, ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік сияқты тоғыз тақырыпты қамтитын төрт аймаққа бөлінген.
«2021 жылдың 25 тамызынан 2022 жылдың 24 тамызына дейін онлайн-платформа көрмеге қатысушыларға бір жыл бойы көрме қызметтерін, сондай-ақ ұзақ мерзімді цифрлық қызметтерді ұсынады»,-деді Үрімші қаласы мэрі міндетін атқарушы Мамтимин Хадир.
Көрме 2015 жылы бірінші сауда жәрмеңкесі өткізгеннен кейін Азия мен Еуропа елдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен сауда алмасуды дамытудың маңызды алаңына айналды.