Дубайдағы ЭКСПО -2020 көрмесінде ірі павильондардың бірі Қытай павильоны 1 қазанда ашылады, деді ресми өкіл.
«Қытайдың 26 өңірі мен 40-тан астам жетекші қытайлық кәсіпорын көрмеде онлайн және офлайн арналар арқылы экспозициялар, форумдар және басқа да іс-шаралар өткізеді»,-деді Қытайдың халықаралық сауданы дамыту жөніндегі кеңесі басшысының орынбасары Чжан Шенфэн баспасөз маслихатында.
Чжан Экспо -2020 көрмесіне қатысатын қытайлық кәсіпорындардың саны Қытайдан тыс жерде өткен кез келген басқа жаһандық көрмелерге қарағанда көп екенін айтты.
COVID-19 пандемиясына байланысты кейінге қалдырылған ЭКСПО 2020 көрмесі 2021 жылдың 1 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін Біріккен Араб Әмірліктерінде өтеді және «Ақылдарды байланыстыру, болашақты құру» тақырыбына арналады.
Бүгінгі күні барлығы 192 мемлекет ЭКСПО -2020 көрмесіне қатысатындығын растады және бұл шара 25 миллион келушіні тартады деп күтілуде.