Ресми деректерге сәйкес, Қытайдың мемлекеттік кәсіпорындарының жиынтық пайдасы 2021 жылдың алғашқы тоғыз айында жылдық есептеу бойынша 55,4 пайызға өсіп, 3,5 трлн юаньға (шамамен 547 миллиард АҚШ долларына) жетті.
Қытай Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша, осы кезеңде мемлекеттік кәсіпорындардың жиынтық операциялық кірісі жылдық есептеуде 23%-ға өсіп, 54 трлн юаньға жетті.
Мемлекет басқаратын кәсіпорындардың пайдасы алғашқы 9 айда жылдық есептеуде 52 пайызға артып, 2,34 трлн юаньға жетті.
Мемлекеттік кәсіпорындардың жиынтық кірісі жылдық есептеуде 22 пайызға өсіп, 30,31 трлн юаньға жетті.
Мәліметтер қыркүйек айының соңында елдің қарызының мемлекеттік кәсіпорындары активтеріне қатынасы 64,2 пайызды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгеймен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмендегенін көрсетті.