Қытай сапалы негізгі қоғамдық білім беруді құруды мақсат етеді

12496
Фотосурет: Xinhua

Қытай 2027 жылға қарай сапалы және теңгерімді негізгі мемлекеттік білім беру жүйесін құруды көздеп отыр.  ҚХР Мемлекеттік кеңесі дайындаған және ҚКП Орталық комитеті мақұлдаған құжатқа сәйкес, 2035 жылға қарай Қытай міндетті білім беру қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігі бойынша әлемдегі жетекші елдердің біріне айналуды мақсат етіп отыр.  Құжатқа сәйкес, Қытай билігі алдағы жылдары мектеп үй-жайларына ерекше назар аудара отырып, дамыған және аз дамыған аймақтар арасындағы білім берудегі алшақтықты азайтуға күш салады және Қытайдың орталық және батысындағы аз дамыған аймақтарға ресурстарды жұмсауды жалғастырады.  Қалалық және ауыл аудандары арасындағы, әртүрлі мектептер мен әртүрлі халық топтары арасындағы білім берудегі алшақтық та жойылады.

Ауыл мектептеріне басымдық берілмек.  Тиісті органдар ауылдағы мектеп жасындағы балалардың барлығының міндетті білім алуын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасайды, ауыл мектептерінде білім сапасын арттыру үшін қосымша ақпараттық технологиялар енгізілетін болады.  Директорлар мен мұғалімдерді ауылдық және қолайсыз жағдайдағы мектептерде жұмыс істеуге ынталандырады.  Еңбек мигранттарының балаларының мектепке баруына көмектесу шаралары қабылданатын болады.  Билік сондай-ақ жетім балаларға, қолдаусыз және күтімсіз қалған балаларға, ауылдық жерлерде қалған балаларға және қиын өмірлік жағдайға тап болған балаларға неғұрлым сапалы білім беру қызметін көрсететін болады.

Халық көп этникалық азшылықтар тұратын аймақтардағы мектептерге де ондағы білім сапасын арттыру үшін көбірек ресурстар бағытталатын болады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China 

 

 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -