Астаналық спортшылар Қазақстанды жастар Олимпиадасында таныстыруға дайын

5354
Фотосурет: Аstana akimdigi

Оңтүстік Кореяда өтетін IV қысқы жастар Олимпиадасына баратын елордалық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қаңтардың 19-ы мен ақпанның 1-і аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо провинциясындағы Каннын қаласында IV қысқы жастар Олимпиадасы өтеді.

Оған баратын қазақстандық спортшылардың арасындағы елордалықтар тізімі белгілі болды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінің мәліметінше бұл жарыста ел намысын 42 отандасымыз 10 бағдарламада қорғайды.

Ал делегация сапында ресми өкілдер, бапкерлер, дәрігерлер мен БАҚ өкілдерін қосқанда 80-нен астам адам бар.

Азия құрлығы алғаш рет қабылдайтын жастар ойындарында Ұлттық құрама сапында Астана қаласының спортшылары да бой көрсетті. Елордалық жас спортшылар дүбірлі аламанда кёрлинг, конькимен жүгіруден және шаңғы жарысы бойынша бақтарын сынайды.

Кёрлинг:

Мерей Тастемір;
Ибрагим Тастемір.

Шаңғы жарыстары:

Берік Боранбаев.

Конькимен жүгіру спорты:

Руслан Жанаділов.

Барлығы бәсеке кезінде 81 Ұлттық Олимпиада комитетінен келген 1900-ға жуық атлет спорттың 7 түрінен 15 бағдарламада күш сынасады деп жоспарланған.

Айта кетелік, Канвондо Олимпиадасына баратын спортшыларды іріктеу жарыстары ел ішінде 2023 жылдың басынан бері өткен. Соның негізгісі ҚР-ның IV қысқы Жастар спорт ойындары саналады. Бас-аяғы 3 айға созылған сол сында 11 бағдарламада үздіктер анықталған (биатлон, кёрлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шаңғы жарыстары, мәнерлеп сырғанау, фристайл-могул және фристайл-акробатика, шайбалы хоккей, шаңғымен тұғырдан секіру).

Айта кетейік, ашылу рәсімі 19 қаңтарда Gangneung Oval және PyeongChang Dome стадиондарында бір мезетте қатар өтеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -