Қытайда электр станцияларының жалпы орнатылған қуаттылығы өсті

10835
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдағы электр қуатын өндіруші нысандардың жалпы орнатылған қуаты 2024 жылдың қыркүйегінде 3,16 млрд кВт-қа жетіп, жылдық есептеуде 14,1 пайызға өсті.   Бұны ҚХР Мемлекеттік энергетика істері басқармасы жариялаған мәліметтер көрсетуде.

Мәліметтерге сәйкес, қыркүйек айының соңындағы жағдай бойынша жаңартылатын энергия көздері бойынша жұмыс істейтін электр энергиясын өндіруші нысандардың орнатылған қуаты жылдық есептеуде 25 пайызға артып, 1,73 млрд кВт-қа жетті, бұл  Қытайдың электр қуатын өндірудің жалпы орнатылған қуатының 54,7 пайызын құрайды.  Орнатылған жалпы қуаттың 430 млн кВт-ы су энергетикасына тиесілі болса, жел, күн және биомассадан электр энергиясын өндіру қуаты сәйкесінше 480 млн, 770 млн және 46 млн кВт құрайды.

Ағымдағы жылдың алғашқы үш тоқсанында Қытайда жаңартылатын энергия көздерінен электр қуатын өндіру жылдық есептеуде 20,9 пайызға өсіп, 2,51 трлн кВт/сағ құрады, бұл электр энергиясын өндірудің жиынтық көлемінен шамамен 35,5 пайызды құрайды.  

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -