Қытайдағы тұтыну бағалары тұрақты өсім көрсетті

8294
Фотосурет: Xinhua

Қытайдағы тұтынушылық бағалар ағымдағы жылдың қазан айында қалыпты өсім көрсетті, өйткені экономиканың тұрақты қалпына келуі жағдайында ішкі сұраныс жақсара берді.

Елдегі инфляцияның негізгі көрсеткіші – тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) осы жылдың қазан айында жылдық есептеуде 0,3 пайызға өсті, бұл қыркүйектегі 0,4 пайыздық өсімнен сәл төмен, деп көрсетуде ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының (МСБ) жарияланған мәліметтері.  Энергия тасығыштары бағасының төмендеуі өткен айда бағалар деңгейінің төмендеуіне әкелді, ал азық-түлік бағалары тұрақты өсуді көрсетті, деді МСБ статистигі Дун Лицзюань.

Тұтыну бағаларының базалық индексі азық-түлік пен энергия тасығыштары бағаларын есептемегенде жылдық есептеуде 0,2 пайызға өсті,  бұл алдыңғы айға қарағанда 0,1 пайыздық тармаққа көп.  Айлық есептеуде қазанда ТБИ 0,3 пайызға төмендеді, бұл көрсеткіш қыркүйекте өзгеріссіз қалды.

Қытайдың жалпы баға деңгейі ағымдағы жылы экономикалық өсудің қайта жаңаруына, экономиканы тұрақтандыру шараларына және ішкі сұраныстың артуына байланысты қалыпты қарқынмен өсуде.

Экономикалық жағдайдың жақсаруына, маусымдық факторларға және өткен жылдың ауыспалы әсерінің әлсіреуіне байланысты бағаның қалыпты өсу үрдісі жыл соңына дейін сақталады деп күтілуде, деп хабарлады ҚХР МСБ басшысының орынбасары Шэн Лайюнь.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -