Қытайда NEV жеңіл көліктерінің сатылымы қарқынды өсуде

6424
Фотосурет: Xinhua

Қытайдың жаңа энергия қөздеріндегі көлік (NEV) нарығы қазан айында қарқынды өсуді жалғастырып, бөлшек сауда көлемі 1,2 млн бірлікке жуықтады.  Бұған Қытайдың жеңіл көліктер қауымдастығы /CPCA/ жариялаған деректері дәлел.

Ұйымның мәліметінше, есепті кезеңде елде жоғарыда аталған санаттағы көліктердің сатылымы жылдық және айлық мәнде сәйкесінше 56,7% және 6,4% өскен.  Қазан айында елдегі жолаушы NEV өндірісі 1,38 млн данаға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 49,9% көп және алдыңғы аймен салыстырғанда 12,6% артық.  Танымалдық көрсеткіші болып табылатын NEV ену деңгейі ішкі нарықта өткен айда 50,1% дейін өсті. 2024 жылдың алғашқы 10 айында жаңа энергетикалық жеңіл көліктердің жалпы бөлшек саудасы 8,33 млн дананы құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39,8% көп.

Экспорт бойынша өткен айда Қытай 10,4% артып, 120 мың NEV жеңіл көлікті экспорттады, бұл өткен жылдың сәйкес айымен салыстырғанда 10,4% көп және қыркүйекке қарағанда 13,7% артық. Қауымдастықта атап өткендей, осы жылдың қаңтар-қазан аралығындағы кезеңде NEV жеңіл көліктерінің жалпы экспорттық көлемі 1,09 млн данаға жетті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,7% жоғары.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -