Қытайда маглев экспресс желісінің құрылысы басталды

19349
Фотосурет: Синьхуа

Орталық Қытайдың Хунань провинциясындағы Чанша мен Люян қалаларын байланыстыратын магниттік жастықтағы (маглев) пойыздар үшін жедел желі құрылысы басталды, деп хабарлайды аймақтық ақпарат көздері.

Қозғалыстың жобалық жылдамдығы сағатына 160 км болатын жаңа маглев экспресс желісінің ұзындығы жалпы 48,73 км құрайды.  Шамамен 10,44 млрд юань (шамамен 1,45 млрд АҚШ доллары) инвестициясы бар құрылыс жобасының бірінші кезеңі 7 станциясы бар 39,52 шақырымдық тармақтан тұрады.

Бұл экспресс маглев желісінің жоғары өткізу қабілеті, шағын иілу радиусы, төмен діріл және төмен шу деңгейінің артықшылықтары бар және болашақта пойыздарды 200 км/сағ жылдамдықпен сынауға мүмкіндік береді, деді оны әзірлеуші.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -