Жаңа әуе бағыты Қытайдың Шэньян қаласын Дубаймен байланыстырады

23188
Фотосурет: Xinhua

China Southern Airlines қытай әуе компаниясы сейсенбі күні осы жылдың 28 желтоқсанынан бастап Шэньян қаласын /Ляонин пров. Әкімшілік орталығы, Солтүстік-Шығыс Қытай / Дубаймен, БАӘ байланыстыратын жолаушылар әуе рейсін ашатынын хабарлады. Кестеге сәйкес, Airbus A330-300 ұшағымен орындалатын рейс сенбі күндері Бейжің уақытымен таңғы сағат 08:10-да Шэньян қаласынан ұшып, Дубайға жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:20-да жетеді.

Дубайдан кері рейс сенбі күндері жергілікті уақыт бойынша сағат 21:20-да ұшып, соңғы белгіленген пункт Шэньянға жексенбі күні Бейжің уақытымен 13:45-те жетеді, деп хабарлады әуе компаниясы.  Екі бағытта   ұшқанда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында 2 сағатқа созылатын транзиттік аялдама бар.

Биыл Қытай мен БАӘ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 40 жыл толып, екі ел арасында - өзара визасыз режим. Көптеген жылдар ішінде Қытай БАӘ-нің ең ірі сауда серіктесі мәртебесін сақтап қалды.

Ляонин провинциясы  Орта Шығыс аймағымен шикізат тауарлары саудасы, мұнай мен газ, ғылым және техника сияқты әртүрлі салаларда ынтымақтасады.  Сондай-ақ екі  аймақ арасында жолаушылар рейстерінің жиі болуына сұраныс артқан.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -