Қытайдың өнеркәсіп өндірісі 5,3 пайызға өсті

24101
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың маңызды экономикалық көрсеткіші – жетекші өнеркәсіп кәсіпорындарының қосылған құны ағымдағы жылдың қазан айында жылдық есептеуде 5,3 пайызға өсті, деп көрсетеді жұма күні ҚХР Мемлекеттік статистика басқармасы (МСБ) жариялаған мәліметтер.

Айлық есептеуде қазан айында бұл көрсеткіш 0,41 пайызға аздап өссе, осы жылдың қаңтар-қазанында жылдық есептеуде 5,8 пайызға артқан.

Өнеркәсіптік қосылған құн көрсеткіші ірі кәсіпорындардың белсенділігін өлшеу үшін пайдаланылады, олардың әрқайсысының негізгі шаруашылық қызметінен жылдық табысы кемінде 20 млн юаньді құрайды (шамамен 2,8 млн АҚШ доллары).

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -