CNPC басқармасының бұрынғы төрағасы сыбайлас жемқорлық жасады деп айыпталған

23254
Фотосурет: Xinhua

Қытай Ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) бұрынғы басқарма төрағасы Ван Илиньге пара алды деген айып тағылды, деп хабарлады ҚХР Жоғарғы халықтық прокуратурасы /ЖХП/.

 Прокуратураның айыптау актісінде Ван Илиньнің аталған корпорацияда бірқатар лауазымдарды атқара отырып, өзінің қызметтік бабын басқа тұлғалардың мүддесі үшін асыра пайдаланып, сол үшін олардан аса ірі көлемде ақша мен материалдық құндылықтар алғаны көрсетілген.

 Оған қатысты қылмыстық істі Ішкі Моңғолия автономиялық ауданы Ордос қаласының халықтық прокуратурасы ашып, істі сол қаланың орта сатыдағы халық соты қарайды.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -