Қытайда жаңа энергия көздерімен (ЖЭК) жұмыс істейтін 554 мың автобус бар, бұл, ҚХР Көлік министрлігінің мәліметі бойынша, автобус паркінің жалпы санының 81,2% құрайды.
Осы мәліметтер шығыс Қытайдың Чжэцзян провинциясындағы Ханчжоу қаласында өткен қалалық көліктің жұмысы туралы конференция барысында жарияланды.
Бүгінгі таңда Қытайда 80 мыңға жуық қалалық автобус бағыты бар, олардың жалпы ұзындығы 1,7 млн шақырымнан астам, ал арнайы автобус жолақтарының ұзындығы 20 мың шақырымнан асады.
Жоғарыда аталған министрліктің мәліметі бойынша, қазіргі уақытта Қытайдың 54 қаласында жалпы ұзындығы 10 455 шақырымды құрайтын 313 қалалық рельс көлігі желісі жұмыс істейді.