Қытайда сенімгерлік активтердің өсуі тіркелді

6127
Фотосурет: Xinhua

Қытайда ағымдағы жылдың екінші тоқсанында сенімгерлік сектор активтерінің тұрақты өсімі байқалды.  Бұны Қытайдың сенімгерлік индустриясы қауымдастығының деректері көрсетуде. Ұйымның мәліметі бойынша, маусым айының аяғында елдің сенімгерлік активтері 27 трлн юаньға жетіп (шамамен 3,75 трлн АҚШ доллары), өткен жылмен салыстырғанда 5,32 трлн юаньға (24,52%) артты.

Сенімгерлік инвестиция құрылымын оңтайландыру жалғасуда, бағалы қағаздар нарығына жалпы сомасы 8,34 трлн юань /барлық қорлардың 41,81%/ тартылды, деп қосты қауымдастық.

Қауымдастықтың ғылыми қызметкері Лян Гуанъюн көптеген сенімгерлік компаниялар акционерлік капиталға салынатын ұзақ мерзімді инвестициялар сияқты қаржылық құралдарды пайдалануды белсенді түрде зерттеп жатқанын атап өтті.

Қайырымдылық қызмет туралы ақпарат беретін  «Charity in China» онлайн платформасының мәліметінше, 20 қарашадағы жағдай бойынша Қытайда   жалпы сомасы 8,1 млрд юаньнан асатын 2110-ға жуық қайырымдылық траст тіркелген.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -