Қытай темір жолы 73 мың тонна сәлемдеме тасымалдады

9097
Фотосурет: Xinhua

«Бойдақтар күніне» байланысты шопинг фестивалі ретінде де белгілі «11.11» онлайн сатылымына байланысты жедел теміржол тасымалының іске қосылуының арқасында қарашаның алғашқы 20 күнінде Қытай темір жолы 73 мың тонна сәлемдеме тасымалдады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,4 көп. Бұны бейсенбі күні Қытай мемлекеттік теміржол корпорациясы (China Railway, ҚМТК) жариялаған мәліметтер көрсетуде.

ҚМТК Қытай темір жолы нарық сұранысына белсенді түрде бейімделіп, тасымалдау мүмкіндіктерін ғылыми негізделген түрде бөліп, техникалық қызмет көрсету шараларын оңтайландырып, әлеуметтік логистикалық шығындарды тиімді төмендететінін айтты.  Корпорацияның хабарлауынша, биылғы жылы «11.11» онлайн сатуының ең қызу кезеңінде елдің темір жолдарында күн сайын сыйымдылығы жоғары вагондар мен жедел жеткізу сәлемдемелеріне арналған бөліктері бар 1500-ден астам жоғары жылдамдықты пойыздар жүрді.

Осы кезеңде күн сайын экспресс тасымалдауды қамтамасыз ету үшін жүк вагондарымен жабдықталған 252 тұрақты жолаушылар пойызы пайдаланылды. Сонымен қатар, ҚМТК   «жоғары жылдамдықты темір жолдары бойынша жедел жеткізу» сервисіне төрт сағаттың ішінде «есіктен есікке дейін» жеткізу мүмкіндігін қосу арқылы өз қызметтеріне инновациялар енгізіп,  сәлемдемелерді сақтауға ыңғайлы камералар орнатты.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -