Бейсенбіде ҚХР Сауда министрлігі жариялаған мәліметтерге сәйкес, Қытайдың шетелге қаржылық емес тікелей инвестициясы 2024 жылдың алғашқы он айында жылдық есептеуде 10,6 пайызға өсіп, 115,83 млрд АҚШ долларына жетті.
Деректер «Белдеу және жол» бастамасына қатысушы елдерге қытайлық компаниялардың тікелей қаржылық емес инвестициясы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% артып, 26,65 млрд АҚШ долларын құрағанын көрсетті.
Осы кезеңде қытайлық компаниялардың шетелдегі мердігерлік нысандар бойынша орындаған операцияларының көлемі жылдық есептеуде 2 пайызға арттып, 124,38 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте 177,65 млрд АҚШ долларына жаңа келісім-шарттарға қол қойылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15,3% көп.
Осы жылдың 10 айында қытай компанияларының «Белдеу және жол» бастамасына қатысушы елдердегі мердігерлік нысандар бойынша орындаған операцияларының көлемі 100,82 млрд АҚШ долларын құрады. Көрсеткіштің жылдық есептеудегі өсімі 0,8% құрады. Одан бөлек, қытайлық компаниялар осы елдерде 148,64 млрд АҚШ долларына жаңа келісім-шарттарға қол қойды. Бұл көрсеткіштің жылдық есептеудегі өсімі 15,7% құрады.