Биылғы жылы құрлықтық Қытайға үшінші сапары кезінде Apple бас директоры Тим Кук қытайлық жеткізушілерді жоғары бағалайтынын айтты. Талдаушылардың пікірінше, бұл америкалық компания үшін қытайлық жеткізу тізбегі мен нарығының маңыздылығын көрсетеді. «Мен Apple компаниясының серіктестерімізбен көрмеге қатысқанын мақтан тұтамын. Біз бұны оларсыз жасай алмайтын едік», - деді Т. Кук дүйсенбіде Бейжіңде сейсенбіден сенбіге дейін өтетін Қытай халықаралық жеткізілім тізбегін ынталандыру көрмесінің (CISCE) алдында.
Көрменің негізгі алаңында Т.Кук Apple компаниясының төрт қытайлық жеткізушісінің бірлескен стендін аралады, онда икемді өндірістік желілер, экологиядық таза технологиялар және оптикалық өнімдерді қоса алғанда, компоненттер мен технологиялар көрсетіледі және Apple жеткізу тізбегіндегі инновацияларға тоқталды.
Сын-қатерлерге, соның ішінде сыртқы белгісіздікке қарамастан, Қытай Apple компаниясының жаһандық жеткізу тізбегінің ажырамас бөлігі болып қала береді. Дүние жүзіндегі 200 ең ірі Apple жеткізушілерінің 80 пайыздан астамы Қытайда зауыттар ашты, бұл “алма” компаниясының өнімдерінің кең ассортиментін шығаруға мүмкіндік береді.
Наурызда Шанхайға сапары кезінде Кук құрлықтық Қытайдағы ең ірі Apple бөлшек сауда дүкенін ашу арқылы корпорацияның Қытай нарығына ұзақ мерзімді адалдығын растады.
«Әлемдегі бірде-бір жеткізу тізбегі біз үшін Қытайдан соншалықты маңызды емес», - деді Т.Кук, ол Apple компаниясының қытайлық жеткізу тізбегі серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтып, өзара тиімді нәтижелерге қол жеткізу үшін олармен экологиялық таза және ақылды өндірісте тығыз жұмыс істейтінін атап өтті.
Әлемдегі бірінші ұлттық жеткізу тізбегі сауда көрмесі ретінде CISCE бүкіл әлемнен сала жетекшілері мен сарапшыларын жинап, өндіріс пен жеткізу тізбегі саласындағы жаһандық ынтымақтастықты дамытады. Биылғы жылы көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам компания қатысты. Шетелдік экспоненттер жалпы санының шамамен үштен бірін құрайды, американдық компаниялар шетелдік экспоненттердің ең көп үлесін құрайды.