2024 жылдың қаңтар-қазан айларында Қытай 53 мың ескі қалалық тұрғын аудандарды қайта құруды бастады. Бұны ҚХР Тұрғын үй, қала және ауылдық құрылыс министрлігінің жарияланған мәліметтері көрсетуде. Биылғы жылдың нәтижелері бойынша ел бойынша барлығы 54 мың ескі қалалық тұрғын ықшам ауданын қайта құру басталады деп болжануда.
Ведомство атап өткендей, қазан айының соңына қарай провинция деңгейіндегі сегіз аймақта, оның ішінде Цзянсу провинциясында, орталық бағыныстағы Шанхай және Тяньцзинь қалаларында жоспарланған қайта құру жобаларының барлығын жүзеге асыру басталды.
ҚХР тұрғын үй, қала және ауылдық құрылыс министрінің орынбасары Цинь Хайсян ескі қалалық тұрғын аудандарын қайта құру қаланы жаңғыртудың маңызды бір қыры екенін айтты. 2019 жылдан бері Қытайда 44,34 млн үй шаруашылығы бар және 110 миллионға жуық адам тұратын 258,8 мың осындай шағын аудан жаңғыртылды.
2023 жылдың соңына қарай Қытайдағы қалалық тұрғын үйлердің орташа жан басына шаққандағы ауданы 40 шаршы метрден асты.