Шыңжаң трансшекаралық саяхат мүмкіндіктерін кеңейтуде

8151
Фотосурет: Синьхуа

Қазақстан 2023 жылдың қарашасында Қытаймен өзара визасыз режимді енгізе бастағаннан кейін, жақында өткен Қытай және Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің 5-ші отырысы аясында Өзбекстан да ҚХР-мен тиісті келісімге қол қойды.   Естеріңізге сала кетейік, Шыңжаң Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан сияқты сегіз мемлекетпен шектеседі.  Шыңжаң өзінің географиялық артықшылықтары мен көлік желісін үнемі жетілдіре отырып, Орталық Азия елдеріне бағытталған трансшекаралық туризмді дамытуға көп күш салуда.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Шыңжаңға келетін туристік ағын шамамен 2,3 млн адам-ретті құрады, шетелдік туристер арасында ең көп үлес Қазақстан тұрғындарынан келген.  Осы кезеңде ШҰАА-ның халықаралық туризм секторынан түскен түсімі 1,768 млрд АҚШ долларына жетті.  Бастапқы кезеңде халықаралық автомобиль тасымалының төрт бағыты іске қосылды: Үрімші-Дулата-Алматы, Үрімші-Қорғас-Алматы, Үрімші-Қорғас-Талдықорған және Үрімші-Цзимунай-Өскемен.  Осы бағыттардың әрқайсысы бойынша екі жаққа жолаушылар рейстері күніне екі рет автобустармен жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Шыңжаң билігі Алашанькоу, Тачен, Цзимунай және Ташқорған сияқты шекаралас аймақтарға шекара маңындағы туризм мен трансшекаралық туризмді дамыту үшін ұлттық деңгейдегі пилоттық аймақ құруға қолдау көрсетуде. Осы жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінде келген және кеткен туристер ағыны 830 мың адам-ретке жетті, бұл  өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 117 пайызға көп.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -