China Everbright Group корпорациясы басқармасының бұрынғы төрағасы Тан Шуаннин сейсенбі күні сыбайлас жемқорлық пен пара алғаны үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкімді Солтүстік Қытайдың Хэбэй провинциясындағы Таншань қаласының орта сатыдағы халық соты шығарды.
Сот оны 1,3 млн юань (шамамен 181 мың АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді, сондай-ақ одан заңсыз алынған барлық қаражат пен дивидендтерді өндіріп алуды бұйырды, олар зардап шеккен ұйымдар мен мемлекет қазынасына қайтарылуы керек. Сот талқылауы барысында сотталушының 2003 жылдың сәуір айында Қытай Халық банкіндегі (ҚХБ, Орталық банктің аналогы) қызмет бабын пайдаланып, 3,015 млн юань көлеміндегі мемлекет қаражатын жымқырғаны анықталды.
2000-2017 жылдар аралығында Тан Шуаннин мансаптық өсу және несие алу сияқты мәселелерде үшінші тұлғалардың пайдасына әртүрлі лауазымдарда өзінің қызметтік бабын асыра пайдаланған. Оның орнына ол 11 млн юаньнан астамға заңсыз байыған. Тан Шуаннин билікке өз еркімен беріліп, заңсыз алған мүлкін қайтарып берді, сондықтан заң бойынша жеңілдетілген жазасын алды.
China Everbright Group - Қытайдағы ең ірі мемлекеттік көп бейінді холдингтердің бірі және әлемдегі ең ірі компаниялардың бірі.