Қытайлық зерттеушілер болашақ аса жылдам пойыздардың бортында тұрақты байланыс сигналдарын сақтау үшін шешім әзірледі.
Болашақта жоғары жылдамдықты пойыз 1000 км/сағ жылдамдыққа жететін болса, Доплер әсері байланыс арналарының жылдам өзгеруіне әкеліп соғады, бұл жалпы пойыз байланысына әсер етеді. Nanjing Ticom Technology Co.LTD, Оңтүстік-Шығыс университеті және China Aerospace Science and Industry Corporation Limited компаниясының зерттеушілерінен құралған зерттеу тобы 700 мегагерц жиілік диапазонындағы байланыс арналарын бағалаудың арнайы әдісін әзірледі.
Зерттеушілер туннель қабырғаларына электромагниттік сигнал жіберетін, смартфондар мен телекоммуникация желілері арасында үздіксіз және тұрақты байланысты қамтамасыз ететін екі мамандандырылған параллель кабельді орналастыруды ұсынды. Негізгі сигнал параметрлерін қадағалау үшін арнаны бағалаудың тиімді әдістерін пайдалану сонымен қатар жоғары жылдамдықты мобильді байланыс жиілігінің ауысуының әсерін азайтады, дейді зерттеушілер. Бастапқы компьютерлік модельдеу олардың шешімі 5G стандарты бойынша деректерді беру үшін тұрақты байланыс сапасын сақтауға қабілетті екенін растады. Биыл Қытай магнитті аспадағы жаңа аса жылдамдықты көлік жүйесінің (UHS) демонстрациялық сынақтарын аяқтады. Жүйе аэроғарыштық технологияларды жерүсті теміржол технологиялармен біріктіріп, пойыздардың жылдамдығын сағатына 1000 км-ге жеткізуді көздеді.