Гонконгта Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағын дамыту бойынша екінші іскерлік конференция ашылды.
Алғаш рет 2023 жылы ашылған конференцияға елдегі және шетелдегі мемлекеттік органдар мен іскерлік топтадың 1000-нан астам өкілі қатысты. Шараның ашылу рәсіміне Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Гао Юньлун қатысып, сөз сөйледі.
Гуандун-Гонконг-Макао Үлкен шығанағы аймағын дамыту жоспары жарияланғаннан бергі бес жыл ішінде үлкен ілгерілеушілікке қол жеткізілгенін атап өткен Гао барлық тараптарды аймақтың сапалы дамуына үлес қосуға және оның құрылысындағы мүмкіндіктерді кеңейтуге шақырды.