«Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Үрімшіге тұрақты рейс ашты

4928
Фотосурет: Xinhua

«Белавия» Беларусь әуе компаниясы дүйсенбі күні Минск - Үрімші - Минск тұрақты рейсін ашты.  Салтанатты рәсім Минск ұлттық әуежайында өтті.

«Белавияның» бас директоры Игорь Чергинец атап өткендей, Үрімші Қытайдың басқа аймақтарына, сонымен қатар көршілес елдерге баруға болатын ең ірі авиациялық хаб болып табылады.

Өз кезегінде Беларусь Көлік және коммуникация министрлігі Авиация департаментінің директоры Игорь Голуб авиация саласындағы байланыстарды дамыту жаңа мүмкіндіктер алу, екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайту үшін аса маңызды екенін атап өтті.

«Беларусь президенті Александр Лукашенконың тапсырмасы аясында Қытаймен тікелей рейстер ұйымдастырылды, мен Беларусь пен Қытай арасындағы рейстің ашылуы екі елдің әуе тасымалы саласындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретініне және экономикалық, мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді И.Голуб.

Үрімшіге алғашқы рейс дүйсенбі күні сағат 11:00-де «Минск» ұлттық әуежайынан ұшып кетті; ол сол күні жергілікті уақыт бойынша сағат 23:20-да Беларусь астанасына кері ұшады.  Минск – Үрімші – Минск бағыты бойынша рейстер аптасына бір рет дүйсенбі күндері орындалады.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -