Қытайдың ең ірі әуе компаниясы Air China Грузияның авиация нарығына шықты.
Бұл туралы дүйсенбіде Грузия әуежайлар бірлестігі хабарлады. Дүйсенбі күні кешке Air China әуе компаниясы Үрімші қаласынан (Солтүстік-Батыс Қытай, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының әкімшілік орталығы) Грузия астанасы Тбилисиге алғашқы тікелей рейсін орындады.
«Тікелей рейс 98 жолаушы тасымалдаған Boeing 737-800 ұшағымен жүзеге асырылды, сәйкесінше, Тбилисиден Қытайға 121 адам ұшып кетті. Air China рейстері Тбилиси мен Үрімші арасында аптасына үш рет орындалады», - делінген хабарламада.
Грузия әуежайлар бірлестігі Тбилиси халықаралық әуежайында әуе компаниясының алғашқы жолаушылары мен өкілдері үшін салтанатты кездесу ұйымдастырды.
Air China - Қытайдың Southern Airlines авиакомпаниясынан кейін Грузияның авиация нарығына шыққан екінші қытайлық әуе компаниясы.