Қытай қашықтықтан зондтау жерсеріктерінің жаңа топтамасын ұшырды

21417
Фотосурет: Xinhua

Қытай сейсенбі күні Жерді қашықтықтан зондтау жерсеріктерінің жаңа тобын жоспарланған орбитаға сәтті ұшырды.  «Чанчжэн-2Г» /«Ұлы жорық-2Г»/зымыран тасығышын пайдаланып төрт PIESAT-2 сериялы ғарыш аппаратын ұшыру Қытайдың солтүстігіндегі Тайюань ғарыш айлағынан Бейжің уақытымен 02:50-де жүзеге асырылды.  Бұл «Чанчжэн» сериялы зымыран тасығыштары үшін 553-ші ұшу болды.

GalaxySpace жеке компаниясы әзірлеген аталған төрт жерсерік тәулік бойы жоғары ажыратымдылығы бар, барлық ауа-райы жағдайында бақылау және басқа да жоғары мүмкіндіктерге ие.  Дуань Сяо, GalaxySpace компаниясы синтезделген апертурасы бар радиолокациялық жерсеріктердің бас конструкторы  осындай жерсеріктер топтамасының көмегімен әртүрлі желілік қолданбалар үшін қайта кіру коэффициентін жоғарылатуға, жоғары ажыратымдылықтағы суреттерді алуға, жоғары жиілікті бақылаулар жүргізуге және тұрақты жаһандық қамтуды қамтамасыз етуге болады.

Жерсеріктік топтама бөгеттердің, көпірлердің және басқа да нысандардың миллиметрлік деңгейде деформациясын өлшеуге арналған.  Ол сондай-ақ жер ресурстары, жер сілкіністерінің мониторингі, дүлей апаттардың алдын алу және олардың салдарын жұмсарту, негізгі географиялық ақпаратты жинау және орман шаруашылығы салаларында қолданылады.  GalaxySpace компаниясы синтезделген апертуралы радарлы жерсеріктерді жасаудың жалпы мүмкіндіктерін үнемі жетілдіріп отырады және бүгінгі күнге дейін осындай сегіз ғарыш аппаратын жеткізді, деп қосты ол.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -