Куньмин қаласында 3-ші Қытай-Үнді мұхиты аймағы форумы өтті

5423
Фотосурет: Синьхуа

Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының Куньмин қаласында үшінші Қытай-Үнді мұхиты аймағының көгілдір экономиканы дамытудағы ынтымақтастық бойынша форум өтті.

Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Ван Юн ашылу рәсімінде айтқандай, болашағы ортақ теңіз қауымдастығын құру Қытайдың бастамасынан ортақ халықаралық мақсатқа, ал «көгілдір» концепциядан  Қытайдың, Үнді мұхиты аймағындағы елдердің және басқа да мүдделі тараптардың бірлескен күш-жігері арқылы практикалық әрекеттерге айналуда.

 Қытай басқа елдермен практикалық ынтымақтастықты жалғастыруға, теңіз ортасының тұрақты дамуы бойынша бәтуаластықты нығайтуға, теңіз диалогы мен кеңесу процестерін нығайтуға және теңіз мәдениеттері арасында өзара білім алуға жәрдемдесуге, «көгілдір экономиканы» дамытудағы ынтымақтастықты ілгерілетуге     және адамдар мен мұхит арасындағы үйлесімді өмір сүруді жүзеге асыруға көбірек бірлескен үлес қосуға дайын, деді ол.

 «Көгілдір Үнді мұхитының болашағы – жаһандық Оңтүстікке арналған даму тәжірибесі» деп аталатын форум 50-ден астам ел мен халықаралық ұйымдардан 300-ден астам қонақтың басын қосты.

Xinhua Silk Road - Belt and Road Portal, China

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -