Қытай елдің құрлық бөлігінде барлық 31 провинциялық деңгейдегі әкімшілік бірлікте нормативтік құжаттардың деректер базаларын жасауды аяқтады, бұл барлық нормативтік актілердің қайта қарау үшін мұрағатта сақталуын қамтамасыз етудегі маңызды қадам.
Бұл жетістік жексенбі күні ұлттық заң шығарушы орган – Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының Тұрақты комитетіне /БХӨЖ ТК/ ұсынылған есепте атап өтілді. Есепте барлық нормативтік актілер мен саяси ұстанымдар тексеру және қайта қарау үшін мұрағаттауға тиіс негізгі талапты орындаудағы ілгерілеу егжей-тегжейлі сипатталған.
Есепте провинциялық деңгейдегі деректер базаларында мемлекеттік органдар өздерінің әкімшілік аймақтарында әзірлеген әртүрлі типтегі 380 мыңнан астам нормативтік құжаттар бар екені айтылған.
БХӨЖ Тұрақты комитетінің Заң шығару мәселелері жөніндегі комиссиясы жергілікті заң шығарушы органдарға нормативтік актілерді тіркеу және қайта қарау бойынша жұмысын жақсартуға көмектесуге күш салуға уәде берді.